2025 жылдың 28 шілдесінде Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Мадияр Мырзагелдиевтің төрағалығымен жедел кеңес өтті. Жедел кеңеске департаменттің мекеме, бөлім басшылары, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастықтары қатысты.
Жедел кеңесте «2025 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстар мен алға қойылған басым міндеттер» айтылды. Аталмыш тақырыпта департамент бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменов, департамент бастығының орынбасары полковник Бекболат Әбдіқадыров, департамент бастығының орынбасары Жанмұрат Балғабаев баяндама жасады.
Сонымен бірге «Азаматтық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіпті, заңдылықты сақтау туралы» басшылық тарапынан түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Жедел кеңес барысын Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы Мадияр Айдосұлы қорытындылады.
Қызылорда облысы ТЖД