Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Әбдірова Зарина Жұмабайқызы «Салауатты өмір салты» тақырыбында семинар өткізді. Ол қоғамда және күнделікті өмірде денсаулық сақтау ережелерін қатаң сақтау, дене шынықтырумен айналысу әдетін қалыптастыру қажет екенін түсіндірді. Сонымен бірге жеке құрамға «Өзіңіздің жүрегіңізге көмектесіңіз», «Қант диабетмен ауырасыз ба және сұрағыңыз көп пе?», «Алкоголь және денсаулық» тақырыптарында жадынамаларды таратты. Семинарға қатысушылар тарапынан көкейдегі сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД