Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күштер мен құралдары 2025 жылғы 23-24 шілдеде Шымкент қаласында өткізілетін "Жер-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады. Оқу-жаттығуға орай жедел топ Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында 6 дана далалық шатырды өрістетіп, орналасты. Аталмыш оқу-жаттығуға жұмылдырылатын мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен ТЖД күш-құралдары оқу-жаттығу кезеңінде төтенше жағдайға әзірлігін шыңдайтын болады.
Қызылорда облысы ТЖД