Қызылорда облысында ерікті өрт құрлымдарын қолдау үшін өрт сөндіру бекеті ашылды

Қызылорда облысында ерікті өрт құрлымдарын қолдау үшін өрт сөндіру бекеті ашылды

🚒 Жаңақорған ауданы Манап ауылдық округінде жергілікті атқарушы орган құрған жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Оны құрудың негізгі мақсаты ауыл халқының өртке қарсы қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ өңірде белсенді дамып келе жатқан өртке қарсы ерікті құралымдардың қызметін қолдау болды.

Мұндай бекеттер желісін дамыту ТЖ-ға дайындықты арттырудағы негізгі қадамдардың бірі, әсіресе, кәсіби өрт күзетінің тұрақты бөлімшелері жоқ шалғай елді мекендерде.

«Ерікті өрт сөндіру құрамалары өрттерді және басқа да оқиғаларды жою кезінде өздерінің тиімділігін дәлелдеді», - деп атап өтті ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Мадияр Мырзагелдиев.

Өрт сөндіру бекетінің ғимараты кезекшілік атқару және жедел әрекет ету үшін қажетті барлық жабдықтармен жабдықталған: заманауи «Урал» маркалы өрт сөндіру автомобилі, арнайы техникалық жабдықтар, сондай-ақ персоналға арналған жатын аймақтар мен асхана.

Манап ауылындағы жаңа өрт сөндіру бекеті азаматтық қорғау инфрақұрылымын дамытуға және ерікті өрт құрамаларын қолдауға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.