Қызылорда өңірінде Жалағаш кентінде орналасқан “Торша” бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндеріне арналған ашық есік күні № 11 өрт сөндіру бөлімінде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балаларға өрт сөндірушілердің күнделікті қызметі таныстырылып, арнайы техника мен құрал-жабдықтар көрсетілді.
Мамандар бүлдіршіндерге өрт қауіпсіздігі ережелерін қарапайым тілмен түсіндіріп, төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігін көрсетті. Балалар қызығушылықпен сұрақтар қойып, өрт сөндіру көлігіне отырып көру мүмкіндігіне ие болды.
Мақсат – бүлдіршіндерге қауіпсіздік мәдениетін бала кезден қалыптастыру және өрт сөндіруші мамандығына деген құрметті арттыру.