Су айдынындағы қауіпсіздік тақырыбында брифинг ұйымдастырылды

Су айдынындағы қауіпсіздік тақырыбында брифинг ұйымдастырылды

         Бүгін Қызылорда өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында брифинг өткізілді.

         Тақырыбы: Су айдындарындағы қауіпсіздік.

         Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жүгінісов Жандос Шаймұлы.

  Жүгінісов: «Жазда су айдындарында бақытсыз жағдайлар жиі орын алады. Негізгі себебі қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуынан:

- өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағасы тік жар) маңына суға түсу;

-  спирттік ішімдік ішіп, суға түсу;

- ересектердің бақылауынсыз балаларды су жағасына жіберу, олардың суға түсуі;

- жүзу құралдарына отырғанда құтқару кеудешесін кимеу;

- пирстерден секіру, сүңгу.

Облыс аумағында  7 жағажай (3 коммуналдық, 4 жеке) ресми түрде бекітілген.

Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы №56 шешіміне сәйкес суға шомылуға тыйым салынған қауіпті су айдындарындағы 63 аймаққа 398 ескерту тақтайшасы орнатылды. Департамент тарапынан қауіпті аймақтарда орнатуға оңай (трафарет) және өзіндік құны төмен тыйым салу белгілерінің инновациялық түрі қолданылуда, қауіпті 63 аймаққа 24 мобильді пост орнатылды.

Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 559 рейд жүргізіліп, 29 585 тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және үнпарақтар таратылды. Аталмыш профилактикалық жұмыстарға 301 ерікті қатыстырылды.

Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша (Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау) 23 адамға (ата-аналарға) хаттама толтырылып, айыппұл шарасы көрілді.»

«Оған қоса қазіргі кезде «КонгоҚырым қанды безгегіне (КҚҚБ)» шалдығу жағдайлары тіркелуде. Осыған орай далалы жерлерде қауіпсіздік қаиғдаларына қатаң сақтау, мүмкіндігінше дезифекциялық жұмыстарды жүргізуді сұраймыз.»

Соңында журналистердің қойған сауалдарына да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД