Тұрғындарға қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау ескертілді

Тұрғындарға қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау ескертілді

Бүгін Қызылорда облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Спанов Бейбітхан Оразайұлы “Хабар” агенттігінің тілшісі Тәжібаева Райханға сұқбат берді. Сұқбат барысында спикер «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 3-4 шілдеде күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында 46 градус өте қатты ыстық күтілуіне орай тұрғындарға қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауды ескертті. Тұрмыста, қоғамда, көпшілік орында, жұмыста барынша өрт қауіпсіздігін, су айдындарындағы қауіпсіздік қағидасын, көшедегі жүріс-тұрыс ережесін, көшеде жүргенде немесе қоғамдық көлікте өзімен бірге ауыз суды ала жүруді, басқа үнемі бас киім киіп жүруді де атап өтті.

Қызылорда облысы ТЖД