«Қорқыт–Ата» әуежайы ғимаратында өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді

«Қорқыт–Ата» әуежайы ғимаратында өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді

 

Қызылорда қаласы, Жаңадария көшесі №126 мекенжайда орналасқан «Қорқыт–Ата» әуежайы ғимаратында өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді.

Мақсат - адам көп шоғырланатын нысандарда адамдардың қаза болуын, жарақаттануын болдырмау, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау. Өрт сөндіру бөлімдерінің, өзара бірлесе іс-әрекет жасайтын қызметтердің жұмысын пысықтау.

Өрт-тактикалық жаттығуға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 18 техника, 62 қызметкер, арнайы қызметтерден  5 техника, 13 қызметкер жұмылдырылып, жүктелген міндеттер толық орындалды.

Өткізілген өрт-тактикалық жаттығу барысында «Қорқыт–Ата» әуежайы қызметкерлеріне өрт кезіндегі алғашқы іс-қимылдар, төтенше жағдай кезінде "112" немесе "101" нөміріне қоңырау шалу тәртібі, өзін-өзі құтқару тәсілдері үйретіліп, өртті сөндірудің ерекшеліктері, өрттің алдын алу жөнінде түсіндірілді.

Қызылорда облысы ТЖД