Бүгін Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында аппараттық кеңестің отырысында Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Мадияр Мырзагелдиев департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Темірбек Бейсенбинді туған күнімен құттықтады. Оған ұжым атынан құттықтау адресатын және естелік сыйлықты табыс етті. Қызметіне абырой, отбасына амандық тіледі.
Одан соң аппараттық кеңес барысы бірқатар қызметкерлерге кезекті арнаулы атақтарын беруге жалғасты. Атап айтқанда, 2025 жылғы 27 маусымдағы ҚР ТЖМ №377 ж/қ бұйрығына сәйкес Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Жасұлан Қалмахановқа «азаматтық қорғау подполковнигі» аға басшы құрамның кезекті арнаулы атағы берілді. №6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Шахмардан Олжабайұлына «азаматтық қорғау майоры» кезекті арнаулы атағы табысталды.
Кезекті арнаулы атақтарыңыз құтты болсын, әріптестер!
Қызылорда облысы ТЖД