Лагерде талай қызық бар…

Лагерде талай қызық бар…

Қызылорда облысының Арал ауданындағы №292 орта мектебінің “Күншуақ” күндізгі тынығу лагерінде балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері жөнінде профилактикалық түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оларға арнайы дайындалған профилактикалық бағыттағы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар балаларға өрт сөндіру құрал- жабдықтары, өрт сөндіру автокөлігінің құрылымы таныстырылды. Балалар өрт сөндіруші-құтқарушыларға көкейдегі сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.
Соңында аталмыш іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.