Өңірдің бас құтқарушысы бірқатар журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады   

Өңірдің бас құтқарушысы бірқатар журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады       

        Бүгін Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында журналистерге арналған іс-шара ұйымдастырылды. Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы  полковник Мадияр Мырзагелдиев өңірдің бірқатар журналистерін кәсіби мерекемен құттықтады.

          2019 жылдан бастап елімізде журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 28 маусымда атап өтіледі. БАҚ қызметкерлерінің еңбегі қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Сонымен бірге ТЖ алдын алу мен жоюда, профилактикалық іс-шараларды атқаруда БАҚ өкілдерінің атқаратын рөлі зор.

          М. Мырзагелдиев: "Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, кәсіби өсу, сәттілік және шығармашылықта шабыт тілейміз!»,-деп атап өтті.

          Іс-шара кезінде азаматтық қорғау органдарының өзге өкілдері де БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

          Соңында журналистерге алғыс хаттар мен мерекелік гүл шоқтары табыс етілді.

Қызылорда облысы ТЖД