Қызылорда облысы ТЖД қызметкері - шахматшы    

Қызылорда облысы ТЖД қызметкері - шахматшы      

        2025 жылғы 25-26 маусымда Түркістан қаласында шахматтан «Senat Open» республикалық II ашық турнирінің жартылай финалы өтті. Аталған турнирге әр облыстан үздік шыққан 150-ге жуық спортшы қатыстырылды.

        Республикалық турнирдің жартылай финалына Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының аға инженері Зат Әкім Асқарұлы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

        Зат Әкім Асқарұлы Шахматтан спорт шеберіне үміткер болып табылады.

     Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте Қызылорда облысы жүлделі 2 орынды иеленді.

Қызылорда облысы ТЖД