Қызылорда өңірінде “Үздік қарауыл бастығы” байқауы ұйымдастырылды

Қызылорда өңірінде “Үздік қарауыл бастығы” байқауы ұйымдастырылды

Қызылорда өңірінің гарнизонының қарауыл бастықтары арасында кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған “Үздік қарауыл бастығы” байқауы ұйымдастырылды.

Мақсат - қарауыл бастықтарының жедел жағдайда дұрыс шешім қабылдауға машықтандыру, олардың білім деңгейі мен физикалық дайындығын арттыру, кәсіби дайындығын жетілдіре отыра, қызмет барысында шұғыл және тиімді шешім қабылдауға үйрету.

Нәтижесінде №4 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ә. Маханов әріптестерінен озат көрініп, «үздік қарауыл бастығы» атағын жеңіп алды. Жеңімпаз  дипломмен марапатталды.

Қызылорда облысы ТЖД