Әкімнің орынбасары төтеншеліктермен бір толқында ТЖ алдын алу жұмысына атсалысты

Әкімнің орынбасары төтеншеліктермен бір толқында ТЖ алдын алу жұмысына атсалысты

Қызылорда облысының Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Бәйгеқұм ауылында орналасқан “Ханқожа” көлінде жұмысшы топпен бірге түсіндірме жұмысын жүргізді.
Оған төтеншеліктермен бірге Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б. Ысмағұлов, Білім бөлімі, Қоғамдық даму, Полиция бөлімі, Кәсіпкерлік бөлімі, Санитариялық эпидемиологиялық басқармасы жұмылдырылды.
Іс-шара кезінде көл жағасында орналасқан кәсіпкерлерге, аудан тұрғындары мен қонақтарына “Ханқожа” көлі “рұқсат етілмеген жер” екенін ескертіп, суға түсуге рұқсат етілген арнайы Коммуналдық жағажайдың ашылғанын түсіндірді.
Су айдынында қауіпсіздік қағидалары мен талаптарын бұзбауды, су айдыны маңында балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті. Көл жағасында орналасқан 38 үйдегі 318 адамға арнайы әзірленген жадынамалар таратылды.

Қызылорда облысы ТЖД