“Бала қауіпсіздігі – басты назарда”

“Бала қауіпсіздігі – басты назарда”
“Зерентай” лагерінде өрт және судағы қауіпсіздікке арналған алдын алу іс-шарасы өтті.
 
«Мелиоратор» бау-бақша серіктестігі, ПМК-29 аумағында өткен іс-шараны Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ұйымдастырды.
Оған қатысты:
•Құтқару қызметі
•Өрт сөндіру бөлімінің мамандары
•Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері
•Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары
 
🔹 Негізгі назар – өрт қауіпсіздігіне аударылды.
Балаларға өрттің пайда болу себептері, дұрыс әрекет ету тәртібі, өрт кезіндегі эвакуация жолдары мен алғашқы көмек көрсету тәсілдері түсіндірілді.
 
🔸 Сонымен қатар:
•Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері;
•Алғашқы медициналық көмек көрсету;
•Құтқару құралдарымен таныстыру және тәжірибелік көрсетілімдер ұйымдастырылды.
Мақсат:
•Балаларға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру;
•Өрт пен төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету;
•Құтқарушы, өрт сөндіруші, медицина мамандығына қызығушылықты арттыру.