ТЖМ құтқарушылары лифт ішінде қалып қойған адамды құтқарды
![ТЖМ құтқарушылары лифт ішінде қалып қойған адамды құтқарды]()
Бүгін Қызылорда қ. 112 қызметіне Мерей шағын ауданындағы көпқабатты үйдің лифт ішінде 1969ж.т. ер адам қалып қойғаны туралы хабарлама түсті.
Шақырту орнына келген жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен кабинаның есігін ашып, азаматты сыртқа шығарды. Медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ лифтте тұрып қалған уақытта келесі ережелерді ұстануыңызды сұрайды:
өзіңіз алаңдамаңыз және жақындарыңызды тыныштандырыңыз;

диспетчерге хабарласыңыз;

барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;

лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
