Құтқарушылар лифтіні ашып, жасөспірімге көмектесті

Құтқарушылар лифтіні ашып, жасөспірімге көмектесті

Бүгін 112 жедел-диспетчерлік қызметіне Қызылорда қаласындағы М.Әуезов көшесінде орналасқан көп пәтерлі үйлердің бірінде лифт ішінде адам қалып қойғандығы және өздігінен шыға алмай жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.
ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған аспалы құралдарды пайдалана отырып, лифт кабинасын ашты.

ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз келесі ережелерді еске салады:
⏺ өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
⏺ диспетчерге хабарласыңыз;
⏺ барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
⏺ лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
⏺ барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.