Қауіпсіз жаз. Терезе.    

Қауіпсіз жаз. Терезе.      

Бүгін Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында брифинг өткізілді.

Брифингтің тақырыбы: Қауіпсіз жаз. Терезе.

Спикерлер: Қызылорда облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Спанов Бейбітхан Оразайұлы;

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының дәрігер-травматологi Кәрбоз Жеңісбек Ғаниұлы.

Б.Спанов: «Жыл сайын балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен, балкондарынан құлап кету жағдайлары көбеюде.

Көпқабатты тұрғын үйлердің басым көпшілігі облыс орталығында болғандықтан, жазатайым оқиғалар Қызылорда қаласында жиі орын алуда. 2024 жылы ата-аналардың немқұрайлы қарауынан өңірде балалардың терезеден құлауының 16 фактісі тіркеліп, 17 бала түрлі жарақаттар алды (2023ж. – 14 бала, оның 1–еуі қаза болды).

Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі: ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруынан, терезеде бекіткіштердің болмауынан, москит торлардың жұқалығынан және берік бекітілмеуінен, балалардың терезе алдында ойнауынан.

Балаларға арналған қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету және ұйымдастыру мәселесі бойынша ата-аналардың жауапкершіліктерін арттыру, қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында қажетті шараларды қабылдау туралы тиісті мекемелерге (облыс әкімінің аппаратына, білім басқармасына, қала және  аудандардың әкімдеріне, құрылыс мекемелерінің басшыларына) ұсыныстар мен хаттар жолданды.

Көпқабатты тұрғын үйлердің және шағын маркет, сауда орындарының кіре беріс есіктерінің тұсына үгіттеу-түсіндіру парақтары ілініп, тұрғын үйлердің  ауласында  ескерту, түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. 

Облыс көлемінде сәуір айынан бастап 4 рет интервью, 2 рет «LED» экран арқылы бейнероликтер көрсетілді. Көпқабатты тұрғын үйлердің 1430 тұрғынына жадынамалар таратылып, баспасөзде 7 рет мақала жарияланды. Терезеден құлау фактісін болдырмау мақсатында әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграмм, телеграмм, твитер және т.б.) материалдар жарық көрді.»

Ж.Кәрбоз: «Балалардың жарақаттану жағдайлары тек еліміз үшін ғана емес, әлем елдерінде де әлеуметтік проблема болып табылады. Балаға үйде, көшеде қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау туралы түсіндіріп отыру керек.

Жарақаттанудың алдын алу жұмысы 2 бағытта жүруі керек: 1. Жарақат алу қаупі бар жағдайларды жою. 2. Балаларды жарақаттанудың алдын алу негіздеріне жүйелі түрде оқыту.

2024 жылы ауруханаға 26879 адам баланың жарақаты туралы хабарласты, оның 1415-і ауруханаға жатқызылып, ем-шара жасалған. 25464-іне амбулаторлық жағдайда ем жүргізілген. 2025 жылдың 5 айында 12408 адам бала жарақаты туралы айтып, дәрігерлік көмек беруге жүгінген. Оның 576-сы ауруханада емделген, 11832-сіне амбулаторлық ем жүргізілген.».

Брифингтің соңында журналистердің тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Баспасөз қызметі