Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласындағы «Рәміздер алаңында» “4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне” арналған жалпыұлттық патриоттық акция өтті.
Мерекелік іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық және азаматтық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, зиялы қауым, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты аталмыш мерекемен құттықтады.
Мемлекеттік Гимн шырқалды. Жас өнерпаздар мен жергілікті әншілер патриоттық әндерді орындады.
Авто және вело шеру қала көшелерінде көрініс тапты.
Ат құлағында ойнаған шабандоздар да Мемлекеттік туды биікте желбіретті.
Қызылорда облысы ТЖД
Баспасөз қызметі