Қызылорда өңірінде өрт сөндіруші-құтқарушылардың арасында «Кроссфит» жарысы ұйымдастырылды  

Қызылорда өңірінде өрт сөндіруші-құтқарушылардың арасында «Кроссфит» жарысы ұйымдастырылды   

      Кроссфит - бұлатлетика,күшжаттығуларыжәнефункционалдықжаттығуларсияқтыәр түрлі спорт түрлерініңэлементтерінбіріктіретінбірегейжаттығужүйесі.Кроссфиттіңмақсаты - адамныңбарлықнегізгіфизикалыққабілеттерін, соның ішіндекүш,төзімділік,икемділікжәнеүйлестірудідамыту.

       Кроссфит ауыр атлетика, гимнастика, ескек есу және т.б. сияқты әр түрлі спорт түрлерінен жаттығуларды қамтиды.

       Қызылорда өңірінде өрт сөндіруші-құтқарушылардың арасында «Кроссфит» жарысы соңғы  он жылдықта жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

       Бүгінгі өткен аталмыш спорттық іс-шараның мақсаты – құтқарушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, физикалық дайындықты жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау.

      Жарыстың өткізілуінің кезінде қатысушылар жігерді, ептілікті, төзімділікті талап ететін бірнеше жаттығу кезеңдерінен өтті. Аталмыш жарыс ұжымдағы ынтымақ пен жауапкершілікті дамытуға да  өз үлесін қосады. Әрбір команданың қатысушысы жоғары нәтижеге қол жеткізуі үшін бар күш-жігерін салды. Кроссфиттің өткізілуі кезінде қатысушылар «К-700» тракторының -  автокөлігінің үлкен көлемдегі дөңгелегін жылжытып, кедергіден секіріп өтті, кубалмен ірі затты бұзып, автокөлікті арқанды пайдалана отырып тартты, үш буынды өрт сатысымен өрт мұнарасына шығып, өрт жеңдерін жинады. Аталмыш жарыс осылайша тартысты өтті. Жарыс осылайша тартысты өтті. Жарысқа 15 командадан 75 қызметкер қатысты.

     Жарысты Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Темірбек Бейсенбин түйіндеді. Қызылорда қаласы ТЖБ №4 өрт сөндіру бөлімі І орынды, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ІІ орынды,  Жаңақорған ауданы ТЖБ №14 өрт сөндіру бөлімі ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен марапатталды.

     Аталмыш жарыстың өту барысын жергілікті «ҚоғамТВ» телеарнасының тілшілері де тамашалап, эфирге арнайы телесюжет дайындады.

Қызылорда облысы ТЖД