
Құрылымдық бөлімшелердің басшыларының қатысуымен шомылу маусымына дайындық мәселелері бойынша жедел кеңес өткізілді.
Сол күні құтқару және сүңгуір техникасымен, жүзу құралдарымен және кинологиялық бөлімшемен жарақтандыруды қоса алғанда, "Көк су" көлінде құтқарушылардың дайындық деңгейіне тексеру жүргізілді.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласында ТЖ алдын алу және экологиялық қауіпсіздікті нығайту мақсатында облыс әкімі аппараты, Полиция департаменті және ТЖ департаменті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумның шеңберінде тараптар құқық бұзушылықтар мен ТЖ-ны бірлесіп бақылауға және алдын алуға, дрондарды пайдалана отырып, аэробақылау жүргізуге, облыстың су айдындарында шомылуға тыйым салынған учаскелердегі су деңгейін және бақылауды мониторингілеуге, сондай-ақ, фото және бейнематериалдарды жедел беруге уағдаласты. Бұдан басқа, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін "112" және "109" шұғыл қызметтерімен өзара іс-қимыл көзделеді. Алдағы уақытта бейнебақылау камераларымен интеграциялау жоспарлануда.
Қызылорда облысы ТЖД