
Бүгін Қызылорда облысының коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында брифинг өткізілді.
Брифингтің тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігі».
Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Асхат Оразбеков.
А.Оразбеков: «Жыл басынан бері облыста 200 өрт оқиғасы тіркелді. Өрт салдарынан 3 адам қаза болды, 9 адам жарақат алды.
Өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторында (118 өрт), автокөлікте (47), нысандарда (19), орман қоры аумағында (10) тіркелген.
Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан күнделікті халық арасында профилактикалық шаралар, әр түрлі акциялар, рейдтік іс-шаралар және түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек өрттің алдын алу және жою алгоритмдері мен іс-қимыл жоспарлары бойынша жұмыстар атқарылуда.
Өрттердің басты себептерінің бірі - адамдардың немқұрайлылығынан туындап жатады. Нақтырақ айтқанда қоқыс және шөп қалдықтарын өртеу кезінде өртті бақылаусыз қалдырудан, ақаулы тұрмыстық электр жабдықтарын қолданудан, автокөліктерге уақтылы күтім жасамаудан, тұрмыстық газ қондырғыларының және газ баллондардың ақаулығынан, балалардың сіріңкемен ойнауынан пайда болуда.
2025 жылы орман қорында 251,12 га. құрайтын 10 өрт оқиғасы тіркелді.
Мобильді топтармен 134 рет рейдтік іс-шара жүргізілді. Рейд барысында әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 336, 367, 410-баптарына сәйкес 35 тұлғаға йыппұл салынды.
Орман алқаптарында барлығы 10 428 шақырымға минералды жолақтарын жүргізу жоспарланған, қазіргі таңда 7 625 шақырымға жүргізілді.».
Соңында спикер журналистердің сұрақтарына да жауап берді.
Қызылорда облысы ТЖД