«Batyr team» және «Batyr team kids» спорт клубтары Қызылорда облысында жасауда. Бұл ТЖМ имиджін нығайту, қызметкерлерді кәсіби және спорттық дамыту үшін маңызды қадам болып табылады.
Бүгін Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Batyr team kids» спортклубының спортшылары арасында ашық турнир өткізілді. Турнирге 5-16 жас аралығында балалар мен жасөспірімдер 20 түрлі салмақ дәрежесі бойынша қатысты.
Мақсат - спортшылардың өзіндік біліктілігін арттырып, алдағы жарыстарда жеңіске жетуге шеберліктерін шыңдау.
Жарысқа прокуратура, сот саласының ардагері, Қызылорда облыстық сот әкімшілігі департаментінің басшысы Сағатбек Болатбекұлы Сүлеймен, Қызылорда облысы ТЖД бастығы полковник Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы, “Жауынгер” спорт клубының директоры Қарымсақов Самат Рахатұлы қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың салтанатты түрде ашылу салтанаты, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Аталмыш спорт клубының бірқатар төрешілеріне-спортшыларына «Қоян қолтық ұрысынан» Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат атағы берілді, Департамент бастығының Грамотасымен марапатталды.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті ұжымымен ортақ жобаларды жүзеге асыру барысында көрсеткен жауапкершілік пен ынтымақтастығы үшін Департамент бастығының алғыс хатымен марапатталды:
Дәуірбек Зәмірбекұлы Дәулетов Қызылорда облысы жекпе-жек сайысы федерациясының президенті;
Сағатбек Болатбекұлы Сүлеймен Прокуратура, сот саласының ардагері, Қызылорда облыстық сот әкімшілігі департаментінің басшысы;
Асхат Қасымұлы Шаукенбаев BIALI спорт дүкенінің басшысы;
Перизат Мұратқызы Сәрсенбаева ЖШС «SIRIUS» арнайы бөбекжай балабақшасының басшысы.
Сонымен бірге жарыста белсенділік танытқан балалар дипломдармен марапатталды.
Соңында департамент басшылығы тарапынан қатысушыларға алғыс білдірілді.
Қызылорда облысы ТЖД