Қызылорда өңірінде «ӨРТ-2025» республикалық - командалық штабтық оқу-жаттығуы басталды

Қызылорда өңірінде «ӨРТ-2025» республикалық - командалық штабтық оқу-жаттығуы басталды

 

 

       Қызылорда облысының аумағында 2025 жылғы 22-23 мамырда «ӨРТ-2025» республикалық - командалық штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланды.

       Оқу-жаттығудың тақырыбы: 2025жылғы өрт қауіпті кезең жағдайында ықтимал төтенше жағдайлар туындаған кездегі  іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күш-құралдарының әзірлігін пысықтау».

       Осыған орай 22 мамырда Қызылорда қаласының «Сол жағалау» шағын ауданындағы «Болашақ» университетінің маңында азаматтық қорғау жүйесінің 15 қызметінің күш-құралдары мен техникаларына саптық қарау кезеңі өткізілді. Саптық қарау барысында Қызылорда облысының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Құрманбаев, «ӨРТ-2025» РКШОЖ өткізу жөніндегі өңірлік штабтың бастығы, Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Темірбек Бейсенбин күш-құралдар мен техникалардың дайындығын қарап, ұсыныстарын берді.

       Оқу-жаттығудың саптық кезеңіне азаматтық қорғау жүйелерінің: 170 қызметкері, 48 техникасы, 1 тікұшағы, 2 кинологиялық есебі қатысты.

       Оқу-жаттығудың практикалық кезеңі ағымдағы жылдың 23 мамырында өткізілетін болады.

Қызылорда облысы ТЖД