2025 жылдың 21 мамырында Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.
Брифингтің тақырыбы: «Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының көрсететін мемлекеттік қызметтері жөнінде».
Спикер: «Қызылорда облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы Әділжан Дабылов.
Ә. Дабылов: ««Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты өзінің халыққа жолдауында (2.09.2025.) Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: "Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз»,-деп атап өтті.
Маңызды міндеттердің бірі – мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықты болдырмау.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардан, сонымен бірге тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелерінен емтихан қабылдау.
2025 жылы 4 айда - 97 (2024 жылы 12 айда - 312) мемлекеттік қызмет (жобалық құжаттаманы келісу, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және шығару, өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелерінің білімін тексеру) көрсетілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарының талаптарын орындамағандықтан мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулардың саны – 2025 жылы 4 айда 42 (2024 жылы 12 айда 39) құрады.»
Қызылорда облысы ТЖД