Іс-шараның басты мақсаты – балаларды жаз мезгілінде қауіпсіздік негіздеріне үйрету және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болды.
Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелері мен шомылу маусымы кезіндегі тәртіп туралы балаларға түсінікті түрде баяндап берді. Білімді бекіту мақсатында интерактивті ойындар мен байқаулар ұйымдастырылып, бүлдіршіндердің үлкен қызығушылығын тудырды.
Балалардың ерекше қызығушылығын кинологиялық есеп тобының көрсетілімі оятты. Кішкентайлар төрт аяқты құтқарушымен емен-жарқын сөйлесіп, оны сипап, кинологқа түрлі сұрақтар қойды.
Акция аясында балалар өздерін нағыз өрт сөндіруші ретінде сезініп, оқпанды ұстап, шартты өрт ошағын сөндірді. Іс-шара соңында балалар аулаға түрлі түсті бормен сурет салып, әрқайсысы асфальтта өзінің кішкентай, бірақ мейірімге толы ізін қалдырды. Осылайша аула нағыз түрлі-түсті калейдоскопқа айналды.
Әр бала іс-шарадан күлімдеп, тәтті сыйлық пен әлемді құтқаратын батыр болуға деген арманмен қайтты.