Қостанай облысының Қарабалық ауданында өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жеңімпаздар анықталды.
Екі күнге созылған ауқымды спорттық додаға өңірдің әр түкпірінен келген 20 командадан 200-ден астам өрт сөндіруші қатысты.Чемпионат аясында қатысушылар жауынгерлік қанат жаю, 100 метрлік кедергілер жолы мен өрт эстафетасы сынды бірнеше күрделі кезеңдерден өтті. Бұл жарыстар қызметкерлердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, дене дайындығын арттыруға және командалық рухты нығайтуға бағытталды.
Іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің қала, аудан және ауылдық бөлімшелерінің қызметкерлері белсенді қатысып, өз бөлімшелерінің абыройын қорғау жолында жан аямай өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын — Қостанай қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі
2-орын — Рудный қаласының құтқарушылары
3-орын — Жангелді ауданының қызметкерлері иеленді.
Чемпионат барысында қатысушылар тек физикалық мықтылықтарын ғана емес, сондай-ақ ұжымдық бірлікті, жылдам шешім қабылдау қабілетін және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін көрсетті.