Ең қымбат адамынды сақта!

Ең қымбат адамынды сақта!

Күн жылынған кезде кішкентай балалардың терезеден құлап кету қаупі арта түседі!
Бір ғана сәттік бейқамдық — баланың өмірін мәңгілікке өзгертіп жібереді. Кейде ол қиын жағдайға алып келеді.

Көп жағдайларда қайғылы оқиғалар балалар үлкендердің қарауынсыз қалған кезде болады!
Ата-анасы үйде болса да, бірнеше секундқа қасынан кетіп қалсп— сол сәт қайғыға ұласуы мүмкін.
Балалар терезедегі москит торына сүйеніп құлап кетеді, өйткені ол салмақты көтере алмайды.
Кішкентай бала айналаны танығысы келіп, ашық терезеге ұмтылады.

Есте сақтаңыз:
 • Москит торы — қауіпсіздік құралы емес! Ол балаға жалған сенім береді.
 • Ашық терезе — бала үшін өте қауіпті!
 • Қысқа телефон қоңырауы немесе асүйге кіріп шығу — қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін.

Қазір не істеу керек деген сұрағыңызға:
 • Терезеге арнайы құлып немесе бекіткіш орнатыңыз;
 • Терезе маңына диван, орындық сияқты жиһаз қоймаңыз;
 • Балаларға терезе — ойыншық емес екенін түсіндіріңіз;
 • Ашық терезесі бар бөлмеде баланы ешқашан жалғыз қалдырмаңыз, тіпті бір минутқа да!

Бір секундтық салғырттық — орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
Бала амандығы — бәрінен қымбат!