Атқарылып жатқан жұмыстарды бақылауға ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы Ермек Беркімбайұлы Қостанайға жұмыс барысымен келді.
Сапар барысында Ермек Беркімбайұлы құрылыс алаңын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс күшейтілген режимде жүргізілуде. Аумаққа инженерлік техника жұмылдырылып, дайындық шаралары қолға алынған. Құрылыс аумағында ағаш кесу, топырақ дайындау секілді алдын ала жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бұл көпір Лисаков қаласы мен Б. Майлин ауданына қарасты елді мекендерді байланыстыратын көпір. Стратегиялық маңызды нысан болғандықтан, оны облыс әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметі жіті бақылап отыр. Құрылыс барысын Қостанай облысының ТЖД құтқарушылары бақылауда ұстап отыр.
Көпірдің салынуы елді мекендер арасындағы қатынасты жеңілдетіп, жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі.