Құрметті Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтары!

Желдің күшеюіне және өткен жылғы құрғақ шөптесін өсімдіктердің болуына байланысты орман және дала өрттері туындау қаупі артып отыр.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өңірдегі барлық орман шаруашылықтары орман алқаптарында патрульдеуді күшейтті. Өрт шығу қаупі жоғары аумақтарда механикаландырылған кезекшілік ұйымдастырылды.

Азаматтарды өрт шығу қаупінен абай болуға шақырамыз!
Белгіленбеген жерлерде от жақпаңыздар, орманда әйнек бөтелкелер мен қоқыстарды қалдырмаңыздар. Автокөлік терезесінен темекі тұқылын тастауға қатаң тыйым салынады — бұл табиғи өрттің себебі болуы мүмкін.

Төтенше жағдайды байқаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне дереу хабарлауыңызды сұраймыз!
Табиғатты қорғайық!