
Өңірдегі су тасқыны жағдайының мониторингі шеңберінде аэровизуалды тексеру жүргізілді.
Мақсаты-ықтимал қауіпті жерлерді анықтау және өзен арналары арқылы судың өтуін, сондай-ақ қар қорының деңгейін бақылау, бұл ықтимал су басудың алдын алу үшін уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Тексеру барысында мамандар Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарындағы су айдындарының жай-күйін зерттеді. Ұлытау облысының шекарасына дейін мұқият зерттелген Қараторғай өзеніне ерекше назар аударылды.
Аэромониторинг гидрологиялық жағдайдың өзгеруіне жедел ден қоюға, су тасқыны жағдайының дамуын болжауға және шұғыл қызметтердің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.