Шын жүректен алғыс

Шын жүректен алғыс

Өмірді құтқару – осындай мамандық бар, күн сайын және қандай жағдай болмасын. Өрт кезінде қолында көтеріп шығару, судан құтқару, шыңдардан, автомобильдерден құтқару. Кейде олар мұны жұмыс күндерінен тыс та жасайды, өйткені олар әрқашан бәріне көмектесуге дағдыланған.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.Т. Каримовтың атына Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылының тұрғыны Е. Б. Бейсенбиннен алғыс хат келіп түсті. Хатта ол Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы №15 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Д.А. Ермағамбетовке шынайы алғысын білдіреді.
«Мен, Бейсенбин Есжол Хайдарұлы, өмірімді сақтап, судан шығарған Ермағамбетов Дархан Әнуарбекұлына алғысымды білдіргім келеді. 2020 жылдың шілде айының түнінде мен Әулиекөл ауылындағы "Пожарное" көліндегі суға құлап, аздап мас күйде болғандықтан өздігімнен жүзе алмадым. Мен ұзақ уақыт суда болдым, барлық киім дымқыл болды, қозғалу қиын болды, Әлсіз болдым. Дархан Ермағамбетовтың арқасында мен тірі қалдым.      
Мен және менің отбасым өте ризамыз», - дейді Е. Б. Бейсенбин.
Оқиға ағымдағы жылдың 28 шілдесінде болған. Дархан Ермағамбетов бұл күні түнгі сағат екі шамасында, жұмыстан бос уақытында Баймағамбетов көшесі бойымен үйіне қарай беттеді. Ол көлден судың шашырауын, адамның дауысы естіп, бірден сол жерге бет алды. Ержүрек және батыл Дарханның арқасында адам өмірі құтқарылды. Ол бір секунд ойланбастан бірден көмекке жүгірді.
«Менің орнымда менің әр әріптесім осылай болар еді деп есептеймін, мен өзімді батыр деп санамаймын, өйткені бұл менің жұмысыма қарамастан адамдарды құтқару - менің парызым»,- дейді кейіпкеріміз Дархан Ермағамбетов.

«Қостанай облысы ТЖД
ӨС және АҚЖҚ» ММ
баспасөз қызметі