Қостанайлық құтқарушылар суға батып бара жатқан екі адамға көмек көрсетті

Қостанайлық құтқарушылар суға батып бара жатқан екі адамға көмек көрсетті

Оқиға кеше Қостанай қаласының Тобыл өзенінде "Мичуринец" бақша қоғамының жанында орын алды. 36 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйел өзенде шомылуға жабдықталмаған жерде, қолдан жасалған жүзу құралымен жүзіп бара жатқан кезде қатты ағын су алып кетті, оны байқаған құтқарушылар көмекке келді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес еді.

ТЖМ азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады! Сіздің өміріңіз өз қолыңызда!

 

 

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі