«Жастар сарайында» жастарға арналған жыл сайынғы Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға көптеген мекеме ат салысты, ТЖД қызметкерлері өз бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрмеңкенің мақсаты жастарға еңбек нарығы, жұмысқа орналасу және қайта оқыту туралы толық ақпарат беру.
Төтенше жағдай қызметіне қазіргі таңда өрт сөндіруші-құтқарушы және жүргізуші мамандығына бос жұмыс орындары бар. Сонымен қатар, Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсемін десеңіз бізге келіңіз!
«ӨС және АҚЖҚ» РММ ТЖД Қостанай облысының баспасөз қызметі