Қостанайдағы «Қазақ күресінің» жеңімпаздары

Қостанайдағы «Қазақ күресінің» жеңімпаздары

Бүгін Қостанай қаласында «Қазақ күресінен» ересектер арасында Қостанай облысының Кубогы сарапқа салынды. ТЖД қызметкерлері жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Ересектер арасында 74 кг салмақта 2 орынды Ақтас Мақсат иеленді. Ол Рудный қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты.

100 кг салмақта сынға түскен Нұрдаулет Дулатұлы 2 орынға ие болды. №2-МӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты. Және осындай салмақта өнер көрсеткен жеңімпаз Қосылбай Айдос 3 орынды иеленді. Ол №13 өрт сөндіру бөлімі қызметкері, Качар ауылы.

Әріптестерімізді құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын!

 

«ӨСжәнеАҚЖҚ» РММ ТЖД Қостанай обылысы баспасөз қызметі