Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Дамир Мақсұтұлы Ермағамбетов тағайындалды.
Дамир Мақсұтұлы 1978 жылы 26 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар академиясының Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Ерлігі мен адалдығы үшін Дамир Мақсұтұлы 2-ші және 1-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
1995 жылдың қыркүйегінен бастап құқық қорғау органдарында қызмет атқарып келеді.
Дамир Мақсұтұлы Қостанай облысына келгенге дейін Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Оның тәжірибесі мен кәсіпқойлығы жаңа қызмет орнында сұранысқа ие болары сөзсіз.
Басқарманың жаңа басшысы алға қойған жоспарлары мен мақсаттарын айтты. Ол облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін белсенді түрде дамытуға ниетті. Сондай-ақ халықты төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік және әрекет ету негіздеріне үйрету жұмыстың маңызды бағыты болмақ.