Қостанай облысы ТЖД құтқарушыларымен профилактикалық жұмыстарға жүзден астам Жітіқара оқушылары қатысты

Қостанай облысы ТЖД құтқарушыларымен профилактикалық жұмыстарға жүзден астам Жітіқара оқушылары қатысты

Жедел құтқару жасағы шомылу маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізеді. Мұндай жұмыс биылғы жазда ерекше маңызға ие болды, себебі аймақта ерекше ыстық болды.

​Колледж студенттерімен бірге таңғы сағат 10:00-ден 15:40-қа дейін Жітіқара қаласының қалалық жағажайында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, ыстық ауа-райының басталуымен демалушылар саны артып келеді. Адамдар жазатайым оқиғалар жиі болатын рұқсат етілмеген жерлерде шомылады. Сондықтан суда қауіпсіз демалу өзін-өзі тәртіпке және судағы мінез-құлық ережелерін орындауға тікелей байланысты.

Құтқарушылар құтқару элементтерін көрсетті, оның барысында суға батқандарға жүзу (қоршаудан) және алғашқы медициналық көмек көрсету шекаралары белгіленді. Мұндай іс-шара бірінші рет өткізіліп жатқан жоқ.  

Акцияның мақсаты - балалар мен жалпы жұртшылықтың назарын судағы қайғылы оқиғалар мәселесіне назар аудару және су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың санын азайту. Құтқарушылар сонымен қатар 193 адамнан тұратын студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмыста Меркурий 25 қозғалтқышы бар үрлемелі қайық, бір техника бірлігі және ж/қ 6 адам атсалысты.

Құтқарушылар жабдықталмаған жерлерде шомылуға тыйым салу туралы ақылға қонымды кеңестерді демалущылар ескереді деп үміттенеді. Өйткені, адамдардың судағы қауіпсіздігі көбіне өздеріне байланысты.

«Қостанай облысы ТЖД
ӨСжАҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі