Лисаковтағы шомылу маусымы

Лисаковтағы шомылу маусымы

Лисаков қаласында 2023 жылғы суға түсу маусымындағы тұрғындардың қауіпсіздігіне арналған брифинг өтті. Қаланың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу офлайн түрінде  өтті.

Лисаков қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Ж.Ибраев журналистерді өткен жылғы шомылу маусымы мен биылғы жылдың басындағы төтенше жағдайлардың талдауымен таныстырып, судағы оқыс оқиғалардың себептері мен олардың алдын алу бойынша шаралары, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен халықты қорғау бойынша бірлескен жұмысы туралы айтып өтті.

Осы жылдың басынан бері Лисаков қаласы ТЖ қызметкерлері қаланың жергілікті атқарушы органдары мен мүдделі қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп, қаланың әкімшілік аумағындағы су қоймаларында 15 рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізіп, 227 азаматқа нұсқама жүргізіп, 255 жадынамалар данасын таратты.Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жалғасын табады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, суға түсу кезеңінде судағы жазатайым оқиғалардың ең көп саны азаматтардың өз өміріне немқұрайлы қарауы, кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруы, сондай-ақ алкогольді ішімдіктер мен есірткілерді пайдалануы салдарынан орын алады.

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі суға түсу маусымында су қоймаларына бару тұрғындарға қауіп төндіретінін еске салды.

«Егер сіз біреудің суда қиындыққа тап болғанын көрсеңіз, 112 телефоны арқылы құтқару қызметіне хабарласып, зардап шеккен адамға көмектесуге тырысыңыз» - деп түсіндірді Ж.Ибраев.

Шараға «Лисаковская новь», «Бизнес-пресс» газеттерінің және «Акцент» Лисаков телевидениесі редакцияларының тілшілері қатысты. Сонымен қатар, брифинг Лисаков қаласы әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісінің ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Қостанай облысының ТЖД
Лисаков қаласының ТЖБ