Ағымдағы жылдың 5 мамырында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасында «2023 жылы жазғы сауықтыру компаниясының дайындық барысы туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Аталған іс-шараға Білім басқармасының, Полиция департаментінің, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, қала сыртындағы балалар лагерьлерінің директорлары, директорлардың тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарлары қатысты.
Қарастырылған мәселелердің бірі «Жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және 2023 жылғы шомылу маусымына дайындық» болды. Осы мәселе бойынша АҚБ аға офицері подполковник Қ.Ш. Тәуекелов және МӨББ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Р.Е. Оспанов спикерлер ретінде сөз сөйледі.
Семинарға қатысушыларға соңғы үш жылда өрт кезінде қаза болғандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ облыс су айдындарындағы жазатайым оқиғалар, жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жоспарланған және жүргізілген профилактикалық іс-шаралар туралы статистика жеткізілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары» бұйрығына сәйкес су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді.
Қостанай облысының ТЖД АҚБ