Қарасу ауданы Қарамырза ауылындағы су тасқыны жағдайы туралы

Қарасу ауданы Қарамырза ауылындағы су тасқыны жағдайы туралы

Қазіргі уақытта Карамырза ауылында Тімтуір өзеніндегі судың деңгейі 30 см-ге төмендеді. Қарамырза ауылынан 20 км жерде, Тімтуір өзені бойынан жоғары орналасқан Кошевой ауылына жақын жердегі гидробекетте өткен тәулікте су деңгейінің 1 метрге төмендегені байқалады.

Өзендегі су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде 17 тұрғын үйдегі су деңгейі азайды. Құтқарушылар 6 және портативті мотопомпалардың көмегімен үйлерден су сору жұмыстарына кірісті.

Эвакуацияланған 39 адамның 15-і үйлеріне оралды, 24 адам туыстарының үйлерінде қалды.

 

Қостанай облысы ТЖД

баспасөз қызметі