Құтқарушылар мен белсенділер зейнеткерге ауланы қардан тазартуға көмектесті

Құтқарушылар мен белсенділер зейнеткерге ауланы қардан тазартуға көмектесті

Жақында Қарасу а. № 24 ТЖ бөлімінің және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Қарасу ауданының жастар ресурстық орталығының «Аmanat» партиясы филиалының белсенділерімен бірлесе, Қарасу ауылының жалғызбасты зейнеткердің ауласын қардан тазартты
Бұл сапар егде жастағы әйел үшін күтпеген және қуанышты оқиға болды. Бірлескен жұмыстан кейін үйілген қардың ізі қалмады, ал үй иесі риза болды.
«Өкінішке орай, қазіргі уақытта қартайған кезде адам жалғыз қалады, ал жалғыздықтың себептері әркім үшін әр түрлі. Сондықтан біздің әрқайсымыздың қолымызда – мұндай адамдарға тек назар мен қамқорлықпен ғана емес, іспен де көмек көрсету», - деп атап өтті құтқарушылар мен еріктілер.

Қостанай облысының ТЖД
Қарасу ауданының ТЖБ