«Қыс мезгілінде халықты төтенше жағдайлардан қорғау туралы» ӨКҚ брифингі

«Қыс мезгілінде халықты төтенше жағдайлардан қорғау туралы» ӨКҚ брифингі

2023 жылғы 7 ақпанда Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Қы мезгілінде халықты төтенше жағдайлардан қорғау туралы» тақырыбында брифинг өтті.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник А. Орымбаев БАҚ өкілдерін 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңде жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару жұмыстары мен жедел жағдай туралы хабардар етті.
Спикердің айтуынша, халықты уақтылы хабардар ету және қабылданған шектеу іс-шаралары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарына шығу санының 73% азаюына ықпал етті (2022 жылы 84-АҚЖ).
Қыс мезгілінің басынан бастап Департаментпен барлығы 22 құтқару операциясы жүргізілді, оның барысында 95 адам (оның ішінде 16 бала) құтқарылды, қауіпсіз аймаққа 28 адам эвакуацияланды, жолдың тазартылған учаскесіне 58 бірл. шығарылды, жылыту пункттеріне 105 адам орналастырылды.
Өткен кезеңде Департамент атына «Қазгидромет» Қостанай филиалынан ауа райының нашарлауына байланысты 42 дауылды ескерту жолданды. Ақпарат дереу мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және облыс халқына СМС тарату, «Darmen» мобильдік қосымшасы арқылы жолданды. 
Ауа райының нашарлауына байланысты облыстық жолдарда көлік құралдарының қозғалысы үшін 26 рет, республикалық жолдарда 21 рет шектеулер енгізілді. Полиция департаментімен бірлесе уақытша бекеттер қойылды. Барлығы жеке құрамның 120 адамы және ТЖД техникасының 70 бірлігі жұмылдырылды.
Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы қысқы кезеңдегі ТЖ алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.  
Қысқы кезеңдегі ТЖ жою үшін облыста 1 574 адам мен 786 бірліктен тұратын күштер мен құралдар тобы құрылды.
Полковник А. Орымбаев облыс тұрғындарын ауа райы болжамын бақылауға, ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден шықпауға шақырды. Төтенше жағдайлар кезінде құтқару қызметінің «112» немесе «101» телефонына қоңырау шалу.

 Қостанай облысының ТЖД 
 Қоғаммен байланыс тобы