Ағымдағы жылдың 16 қарашасында сағат 21:10-да «101» пультіне Қостанай қаласындағы Складская-6 көшесіндегі қойма үй-жайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өртті сөндіруге шақырудың жоғары дәрежесі бойынша 53 ж/қ қызметкері мен 11 бірлік техникадан тұратын ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қойма үй-жайында 500 шаршы метр алаңда шатыр мен ағаш түпқоймалар өртенді.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру есептері кідіріссіз көрші үй-жайларда сақталатын тауарларды, велосипедтер мен ойыншықтарды сөндіруге және бір мезгілде эвакуациялауға кірісті. Өрт сөндірушілердің жедел және сауатты әрекеттерінің арқасында 2 млн. теңгеден астам сомаға материалдық құндылықтар құтқарылды.
Сағат түнгі 03:05-те өртті толығымен жеңу және өртті сөндіру мүмкін болды.
Қостанай қаласының өрт сөндіру бөлімдерінен басқа, оқиғаны жоюға ПД, ҚТЖ, қалалық коммуналдық қызметтер қатысты.
Өрт фактісі бойынша тергеу басталды. Жергілікті жерде ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасының мамандары жұмыс істейді.Өрттің себебі анықталуда.
Қостанай облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы