Құтқару жұмысы - жүрек қалауы!

Құтқару жұмысы - жүрек қалауы!

Құтқарушылар жыл сайын мыңдаған адамның өмірін сақтайды. Олардың міндеттері көп қырлы, мұқият дайындықты қажет етеді. Өз жұмыстарың  көбінесе қауіпті жағдайларда атқаруы керек.
Олардың кәсіби мерекесі Қазақстандағы алғашқы құтқару қызметінің құрылған күні-19 қазан болды. 2008 жылдан бастап ол кәсіби мерекелердің тізіміне кіреді және жыл сайын осы күні атап өтіледі.
Биыл өрт сөндірушілер Құтқарушылар күнінің 27 жылдығын атап өтуде. Өз кезегінде 24 жылдық мерейтойын азаматтық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап азаматтық қорғау органдары жүйесінде болған Қарабалық кентінің № 11 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау прапорщигі Мнайдаров Қайржан Нұрланұлы тойлайды.   
Қайржан Мнайдаров үйленген, үш қыз тәрбиелеп отыр, әріптестерімен ұжымда достық қарым-қатынаста, жас әріптестеріне көмектесуден ешқашан бас тартпайды, әрдайым өтініштерге жауап беруге тырысады, қызмет барысында алған тәжірибесімен бөліседі. Бірнеше рет Қостанай облысы ТЖД бастығының, Қарабалық кентінің № 11 өрт сөндіру бөлімінің бастығының, Қарабалық ауданы әкімінің грамоталарымен қызметтік борышын адал атқарғаны және жоғары кәсібилігі үшін марапатталды, III дәрежелі «Құтқарушы», I, II және III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» медалімен де марапатталды.
Қызмет барысында ол өзін өз жұмысын білетін және жақсы көретін, өрт сөндіру көлігін соңғы бөлшегіне дейін білетін сауатты қызметкер ретінде көрсетті. «Егер 1998 жылға оралу мүмкіндігі болса, сіз өртке қарсы қызметке орналасып, өміріңіздің ең жақсы жылдарын оған арнар ма едіңіз?», Қайржан Мнайдаров ештеңені өзгертпейтінін түсіндіреді, өйткені ол өз елінің патриоты және «Өрт сөндіруші» ретінде жұмыс істеу перспективасы оған әрқашан ұнайтын, себебі осылайша ол өз елінің алдындағы борышын өтеп, адамдарға көмектескісі келді..

Қостанай облысының ТЖД
Қарабалық ауданы ТЖБ