Құтқарушылар ардагерлерді халықаралық қарттар күнімен құттықтады

Құтқарушылар ардагерлерді халықаралық қарттар күнімен құттықтады

Халықаралық қарттар күні-аға буын мерекесі. Бұл күн біз үшін көп жұмыс жасаған ардагерлерге құрмет, қамқорлық және қолдау білдірудің жағымды себебі.
Осы мереке қарсаңында Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.Оразов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Мельников ҰОС ардагері мен ішкі қызмет подполковнигі Т. Әбілтаевтың жұбайы О.Әбілтаеваны, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлері А. Сыпачев пен А. Уәлиахметовті құттықтады.       
Құрметті ардагерлерге құрмет көрсету бейресми жағдайда өтті. Олар үшін көп жылдық еңбегі, жинақталған тәжірибесі үшін алғыс сөздер жолданды, аға буын жастармен өз еңбек жолымен бөлісіп, оларға денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. Кейін дәстүр бойынша гүл шоғы табысталып, материалдық қолдау көрсетілді.
Өз кезегінде, шақырылған қонақтар көрсеткен жылулығы мен ықыласы үшін алғыстарын білдірді, қызметте болған жылдары туралы өз әсерлерімен бөлісті, әріптестерін сол жылдары кіммен жұмыс істегендерін еске алды.
Бұл күндері Қостанай облысы ТЖД барлық бөлімшелерінде аға буынның атына мерекелік құттықтаулар айтылады. Егде жастағы адамдар үшін олар ұмытылмайтынын білу маңызды, олар әрқашан бағаланады және есте қалады.

Қостанай облысының ТЖД
Кадр саясаты басқармасы