Балаларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы!

Балаларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы!

Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері "ӨСжАҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағының және Меңдіқара ауданының ТЖ Бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп "Лесная сказка" "Рудный № 1 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының"жазғы сауықтыру лагерінің персоналымен және тәрбиеленушілерімен нұсқаулық өткізді.
Құтқарушылар Жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіз демалысын және балалардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға бағытталған өзекті тақырыпты, сондай-ақ балаларды жүзуге үйрету, су айдындарында өзін-өзі ұстау қағидалары және суға батушыға көмек көрсету мәселелерін қозғады.
Лагерь қызметкерлеріне тәрбиеленушілермен табиғатта және тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша әңгіме өткізу туралы еске салды. Мысалы, балаларға сіріңкелер ойыншық емес, сондай-ақ отты сөндірудің бастапқы құралдарын іс жүзінде қолдануды көрнекі көрсетті.
Алған білімдерін бекіту үшін балаларға көрнекі жадынамалар таратылды. Әңгіме барысында балалармен өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге арналған викторина өткізілді.

 Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы