Кинологтар мен олардың сенімді иттері

Кинологтар мен олардың сенімді иттері

Кәсіби мерекеміз-Құтқарушылар күнің тек өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен сүңгуірлер ғана емес, сонымен қатар кинологтар да атап өтеді.
Бүгін біз басты құтқарушы кинолог Василенюк Дмитрийге бірнеше сұрақтар қойып, оларға жарқын, әсерлі және пайдалы толық жауаптар алдық. Көмекші иттердің жаттығулары қалай өтеді, кинолог қызметіндегі негізгі дағдылар және тұтастай алғанда мамандықтың болашағы туралы негізгі ақпарттар белгілі болды. 
Василенюк Дмитрий Степанович, жедел – құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесінде бір жыл, ал жалпы бұл кәсіпте 16 жыл жұмыс істейді. Әскерде жүріп ол жеті қазынаның бірі-иттермен жақсы қатынас орната білді. Жануарларға деген үлкен ықылас пен құмарлықтың арқасында негізгі мамандығы айқындала түсті.
- Мен өз басым жануарларды жақсы көремін, олармен сөйлесе аламын, жаттықтырамын, бұл жай хобби емес - бұл менің сүйікті жұмысым...
Кинологтар жайлы қысқаша ақпарат. - Кинолог-бұл иттермен жұмыс істей алатын, оларды құтқару жұмыстарына үйрете алатын адам. Қызметтік иттер техногендік аймақпен қоса, табиғи аймақта да жоғалған адамдарды іздеумен айналысады, - дейді Дмитрий Василенюк.
Қостанай қаласындағы құтқару бөлімшесінің аумағында кинологтар да орналасты. Мұнда олар иттерге арналған арнайы қоршаулар, сондай-ақ олардың жаттығуына арналған алаңдарды жасады. Әзірге құтқарушыларда екі лабрадор және Джессика есімді төбет бар, ол жақын арада аттестаттаудан өтіп, азаматтық қорғаудың толыққанды қызметкері болады. Бірақ мойынсұнғыш ит болу-негізгі міндеттің тек жартысы ғана. Ең бастысы-иттің жұмысқа жарамдылығын көрсететің арнайы тестілеуден өту. Маңыздысы, иттің агрессивті болмауы және бейтаныс адамдардан қорықпауы.
Дмитрий Степанович сонымен қатар «Ко мне, Мухтар», «Комиссар Рекс» сияқты фильмдер мамандыққа деген құмарлықты оятатының  және бұл кәсіпті оңай деп санайтындарды қатты қателесетінің айтып өтті. Бұл өте ауыр жұмыс, және бірнәрсені сәтті табу не іздестіру үшін күнделікті күтім, тазалық және жаттығу керек.
- Иттер-менің өмірімнің ажырамас бөлігі, сондықтан мен кинолог болдым,  жұмысым ойымнан толыққанды шығады және маған көптеген жағымды эмоциялар береді. Менің ойымша, бұл қызмет туралы мүмкіндігінше көп сөйлесу, дамыту және көрсету керек, - дейді Дмитрий Василенюк өзінің жұмысы туралы. - Көріп отырғанымыздай, жануарларға деген сүйіспеншілік тәжірибелі кинолог болу үшін жеткіліксіз, сізге қажырлы еңбек, шыдамдылық, және әрине мамандандырылған арнайы білім қажет.

ТЖМ Қостанай облысының
«ТЖД ӨС және АҚЖҚ»ММ