Өрт сөндірушілер адамдарды жанып жатқан үйден құтқарды

Өрт сөндірушілер адамдарды жанып жатқан үйден құтқарды

20 қазан күні сағат 00:47-де Қостанай қаласында орналасқан Чкалов көшесіндегі бес қабатты ғимараттағы пәтерде өрт шыққаны анықталды. «101» байланыс пунктіне осы көпқабатты үйдің көршілерінен қоңырау келіп түсті.
Өрт сөндірушілер бірнеше минуттан кейін ТЖ орнына келіп, екінші қабатта, жалпы алаңы 7 м2 зал бөлмесіндегі жиһаз, терезе жақтауы мен пластиктен жасалған балконның жалынға оранғанын анықтады.  Пәтерде екі адам болған: 1969 жылғы ер адам мен 1975 жылғы әйел.
Құтқарушылар оларды дереу эвакуациялады, әйел адамды баспалдақ арқылы терезеден шығарды. Ер адам балдақпен жүргендіктен оны есіктен шығаруға тура келді. Сәтті эвакуациядан кейін құтқарушылар зардап шеккендерді термиялық күйік диагнозымен медицина қызметкерлеріне тапсырды; әйел адамның  денесінің 10-19%-ы, ал пәтер иесінің 30-39%-ы күйік шалған. Сонымен қатар, екі азамат та алкогольдік ішімдік қабылдағаны анықталды. Қазіргі уақытта олар Қостанай қаласының қалалық ауруханасының травматикалық бөлімшесінде жатыр.
Өрт 01:23-те толығымен жойылды. Оқиға орнында 3 бірлік техника және жеке құрамнан 10 адам жұмыс істеді.
Өрт кезінде үйдің барлық тұрғындары (оның ішінде 5 бала 20 адам) өзін-өзі эвакуациялады, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық  көмекке мұқтаж емес.
Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз бірден «101» немесе «112» нөмірі бойынша хабарласыңыз.

«Қостанай облысы ТЖД ӨС және
АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі