Қостанайлық құтқарушылар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті

Қостанайлық құтқарушылар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті

Ағымдағы жылдың 19 қазанында Қостанай облыстық орыс драма театрының ғимаратында Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. ТЖД қызметкерлерін құттықтауға қызмет ардагерлері, мемлекеттік органдардың мүшелері мен БАҚ өкілдері келді.       
Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Ю.Ильиннен Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 26 жыл толуына орай бейнеқұттықтау қабылдады.
Кейін Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Б.Кәрімов қызметкерлерді кәсіби  мейраммен құттықтады.
«Тәуелсіздік жылдарында азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру – қызметкерлердің жалақысын көтеру, қызмет өткеру жағдайларын жақсарту, кәсіби кадрларды даярлау бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылды, - деп атап өтті облыстық ТЖ басшысы. – Бұл істе облыс әкімі Архимед Бегежанұлы үлкен қолдау көрсетуде. Тек соңғы үш жылдың ішінде азаматтық қорғау бөлімшелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жақсарды. 970 млн. теңгеден астам сомаға арнайы техника мен жабдықтар сатып алынды. Ағымдағы жылдың 9 айында облыстың құтқару қызметтері 5 857 рет  шығулар жасап, 597 азамат құтқарылды, ТЖ аймағынан 804 адам эвакуацияланды және 57 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді».
Б.Кәрімов жеке құрамға қызметі мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді. Ардагерлерге ерекше алғыс сөздер айтылды.  
Өзінің құттықтау сөзінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары В.Ионенко жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД халықты табиғи және техногендік ТЖ-дан қорғау мен өңіріміздің шалғай елді мекендерінде өрт сөндіру бекеттерін ашу бойынша жүргізіп жатқан үлкен бірлескен жұмысты атап өтті.
Бұл күні құтқарушыларға азаматтық қорғау органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мельниковтың, қызмет ардагерлері Е.Баковтың, Е.Батовтың көптеген жылы сөздері, құттықтаулары мен тілектері айтылды.
Кәсіби мереке құрметіне ТЖД бөлімшелерінің үздік қызметкерлері Қазақстан Республикасы ТЖМ ведомстволық наградаларымен марапатталды, бір қызметкер кезектен тыс атаққа ие болды, сондай-ақ Департамент басшылығымен көтермеленді, Қостанай облысы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды.      
Қостанайдың танымал орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары барлық қатысушыларға мерекелік көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады.

Қостанай облысының ТЖД
Кадр саясаты бөлімі