Қауіпті аймақтарда алау жақпаңыз!

Қауіпті аймақтарда алау жақпаңыз!

Лисаков қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі еске салады! Ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден жақын жерде от жақпаңыз және қалдықтарды өртемеңіз, сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді тастамаңыз, осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда ғана темекі шегіңіз, сіріңкелерді пайдаланбаңыз және шатырларда, ағаш құрылыстарының жанында және басқа да өрт қауіпті жерлерде темекі шекпеңіз.
Құрметті азаматтар!  Өз учаскелеріңізді ретке келтіре отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын әрдайым қатаң сақтау қажет:
- алаңдарда бастапқы өрт сөндіру құралдары болғаны абзал (күректер, шелек, құммен толтырылған жәшіктер) және сумен қамтамасыз етілуі қажет;
- қалдықтарды ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден жақын жағуға жол бермеу;
- саяжайлардың ғимараттары арасында жанғыш материалдарды сақтамау;
- ғимараттардың құрылысы Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес жүргізілуі тиіс;
- саяжайларды, бау-бақша үйлерін ұзақ уақыт бойы иесіз қалдыру кезінде электр желісін қуатсыздандыру қажет, ал газ баллондарының клапандары тығыз жабылуы керек.
Азаматтар, өрт қауіпсіздігі ережелерінің негізгі талаптарын сақтай отырып, сіз өрттен туындаған көптеген қиындықтардан аулақ боласыз және өз мүлкіңізді өрттен сақтайсыз!
ҚР ӘҚБтК 336-бабына сәйкес «Тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша айыппұл  салынады:
- жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК 2 917 теңгені құрайды);
- лауазымды тұлғаларға 50 АЕК;
- шағын және орта бизнес субъектілеріне 200 АЕК;
- ірі ұйымдардың субъектілеріне 300-500 АЕК.

Қостанай облысының ТЖД
Лисаков қаласының ТЖБ